Өзен жағасындағы оқиға
14 қазан күні Жітіқара қаласында Шортанды өзенінің жағасындағы қамыстың арасынан адамның мүр-десі табылды. Бастапқы қарау кезінде оқиға болған жерге келген полицейлер зорлап өлтіру белгісінің бар екендігін анықтады. Денесі көгерген, басында қанның ізі бар. Оның кім екені анықталды. 1958 жылы туған жергілікті тұрғын еш жерде жұмыс істемейді, кезбелікке салынған. Алдын ала болжамға қарағанда оны біреулер зорлап өлтірген не ол өзін-өзі өлтірген. Медициналық сараптама оның тұншығып өлгенін көрсетіп берді.