Облыс намысын қорғады
Облыс орталығында жалпы білім беретін 16 пән бойынша өткен республикалық олимпиаданың соңғы кезеңі аяқталады.Облыстық кезеңде өз білімдерін дәлелдей білген 77 оқушы 26 және 27 сәуірде «1 қатысушы – 1 компьютер – 1 камера» режимінде олимпиаданың екі турынан өтті. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу кезінде басым құқық беріледі.«Мен Қазақстан тарихы бойынша Республикалық олимпиадаға алғаш рет қатысып отырмын. Олимпиада онлайн форматта өтсе де, көптеген әсерлер мен жаңа білім алдым. Олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын», – дейді «БІЛІМ-инновация» лицейінің оныншы сынып оқушысы Расул Ержанов.
Тағы бір қатысушы Дарина Айкелова – Федоров ауданы М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушысы. Ол өзін-өзі тану пәні бойынша өңір намысын қорғады. Бұл пән олимпиада бағдарламасына алғаш рет енген еді. Дарина бірінші айналымда эссесіне Френсис Бэконның қарыз туралы дәйексөзін тақырып ретінде таңдады, ал олимпиаданың екінші күні жеке жобасына ол туған ауылының экологиясын тақырып етіп алды.Олимпиаданың қорытындысы мен салтанатты жабылуы 30 сәуірде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының YouTube-арнасында онлайн режимінде өтеді.