ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

Көгілдір отынмен қамту жұмыстары Қостанай облысында жаңа қарқын алуы тиіс. «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС басқарма төрағасы Алик Ашировты қабылдаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осындай түйін жасады.

121138168_342298693855890_3421857814905766877_n

Кездесу барысында елді мекендерді газбен қамтамасыз ету жобалары талқыланды. Сондай-ақ,  жолаушылар көлігін газ жабдықтарымен жабдықтау және газ құю бекеттері желісін орнату мәселелері де көтерілді.

Облыс көлемінде газ құю бекеттерінің аздығы, кейбір елді мекендерде мүлдем жоқтығы жасырын емес.  Өткен аптаның өзінде ғана өзі аз бекеттерде өнім тапшылығы байқалып, газ құрылғылары орнатылған көлік иелері көгілдір отын таппай сенделді. Ал қоры бар бірен-сараң бекеттерде ұзын сонар кезек пайда болды.

Тиісті сала мамандарының уәжіне құлақ асар болсақ, көгілір отын тапшылығына тасымалдаушы компанияның сылбыр әрекеті себеп болған. Тиісінше жүргізілген жұмыс нәтижесінде тапшылық жойылды, Қостанайға газ үздіксіз әкеліне бастады.

IMG_7087

Облыс әкімінің «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС басқарма төрағасын қабылдауы осы және өзге де мәселелерді шешіп, Тобыл-Торғай өңірін көгілдір отынмен қамтуға негізделді. Кездесу қорытындысы бойынша газдандыру саласындағы өзара байланысты одан әрі нығайту, осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыру келісімі жасалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓