Қаншамыз қазақша сөйлейміз?

Қазақстандықтардың 80 пайызынан көбі мемлекеттік тілді біледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. тіл"Халықтың мемлекеттік тілді игеруі жөнінде жүргізілген жыл сайынғы зерттеудің қорытындысына сәйкес, 2017 жылғы жағдай бойынша халықтың 83,1 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Ал үш тілді игерген ересектердің үлесі – 22,3 пайыз", – деді министр. 
Сондай-ақ, министр Қазақстандағы мемлекеттік тілде жүргізілетін құжат айналымының үлесі 92 пайыз екенін айтты. Ал қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі 72 пайыз екен.
"Республикада мемлекеттік тілді оқытатын 89 өңірлік орталық бар. 2017 жылы орталықтардағы мемлекеттік тілді үйрену курстарынан 58,3 мыңнан аса адам өтті", – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Ал Қостанай облысында мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгергендер үлесі – 70%-дың маңайы. Былтыр тіл саясатын іске асыруға 212 млн теңге бөлінген. 19 тілдерді оқыту орталығында өткен жылы 11 мың тұрғын тәлім алыпты. Бұл – облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметі. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓