Ынтымақтастық ауқымы кеңейді
"ССКӨБ" АҚ сыртқы нарыққа мықтап орныға түсуде. Компания темір кені өнімдерін жеткізуге қатысты тағы бір келісім-шартқа қол қойды. Жыл ішінде миллион тоннадан астам темір кен шекемтастары Ресейдегі "ЕВРАЗ" Біріккен Батыс-Сібір металлургия комбинаты» АҚ-ға экспортталмақ.
Ай сайын "Новокузнецк-Северный" станциясы бағытына 90 мың тоннаға дейін тауарлы өнім жөнелтілмек.
"Сібір комбинатымен бұрыннан қарым-қатынасымыз бар, – деді негізі өнімді өткізу бөлімінің басшысы Александр Хандорин. – Ресейлік кәсіпорынмен танысу тарихы 1991 жылы басталды. Әр түрлі кезеңдерде бір реттік жүк көлемі 800 мың тоннадан асқан. Енді жеткізілім тұрақты негізде болады. Біз миллион тоннадан асатын көлемге қол жеткізіп отырмыз. Біздің өнімнің сапасы ресейлік металлургтердің талаптарына сай келеді".
Кен алыбы өз тұтынушыларына жоғары сапалы шекемтастар шығарады. Темірдің мөлшері 63 пайызға тең, беріктігі бір шекемтасқа 280 келіден кем емес, орташа салмағы 7 грамм. Бұл алыс қашықтыққа тасымалдау үшін жақсы көрсеткіш. Өнімнің беріктігі тұтынушыға 100 пайыз сапалы жеткізуге кепілдік береді.
Айта кетейік, 2021 жылдың бірінші тоқсанында Магнитогор металлургиялық комбинаты мен Қытай Халық Республикасының кәсіпорындарына үш миллион тонна темір кені шикізаты жөнелтілді.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ