COVID-19: +71

15 ақпанда Қостанай облысында 71 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. 29 тұрғыны, Рудный қ.-14, Қостанай ауданында – 7, Әулиекөл ауданында – 7, Жітіқара қ., Лисаков қ., – 4 , Денисов, Мендіқара және Ұзынкөл аудандарында 3 адамнан, Амангелды ауданында 1 адам індет жұқтырған.
59 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 10 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай  стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 55 адамда ауру белгілері болды, 16 адамға симптомсыз түрі тән. 
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 15 ақпан аралығында COVID-19-ды 11506  адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 9879.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓