Бір кем дүние десеңізші
Ақ пен қарасы таразыға тартылған, сынаптай сыр-ғып қолда тұрмайтын уақыт қарымын кідірту пенде еншісіне бұйырмағын іс. Әр сағат алтынға парапар десек бір тәулік яки қолыңдағы жиырма төрт алтын іспетті. Бірінен – бірі алмасып заңдылыққа бағынған уақыт қанжары бір демде отыз күннің басын алып, он екі айды сергелдеңге салып селін сұлата тегінде сыры сан қатпар тарих қойнауына алалы – құлалы парақшасын алмастырады. Бір кем дүние десеңізші…
**** **** ****
Бірі – қуып – бірінен қашып, қанжілік кейіптегі дү-ниеде еш таусылмайтын ол – жанардың жасы екен. Кеудедегі жалт еткен үміт оты, көктегі жарқ еткен жасын сынды. Самалалардай самсап барып жоқ болып кететін. Құламай – тұруды, жыламай – күлуді, тұраламай – ұғуды білмес едік. Егер егес – егізі болмаса. Бір кем дүние десеңізші…
**** **** ****
Тірісінде тірілер,
Түтеп бірін – бірі жер.
Тірліктегі қадірің,
Өлгеніңде білінер
– деп жатады, сөзі мір оғындай өткір ділмәр даналарымыз. Немесе тірісінде өсектен аманы жоқ, ал өлгенде жаманы жоқтың күйті сынды. Тегінде тұсау салмай, тоқыраған сәтте ұғынып жататынымыз жалған емес. Толғауы тоқсан тірліктің толғамы таусылмасы хақ. Бір кем дүние десеңізші…
**** **** ****
Кеген суындай керіге аққан қу дүние қойдың құмалағындай бізден де қалары белгілі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда: Неге? – деген сұраққа жауап бере аламыз ба?!
Бірде аш – бірде тоқ,
Бірде бар – бірде жоқ
Дүрбелеңге толы дүние дүбірі кімнің базынасына қарайласын. Ит үреді, керуен көшетіні анық. Бір кем дүние десеңізші…
**** **** ****
Жұбатамын деп келіп жылатып кетеді сенгенің. Жылулығын сыйлағандай көрініп түн ұйқыңды күн ұрлағанымен ұры жылдың тоқтату еш мүмкін емес. Сырын білмейтін жанның сыртымен де жүрме деп те жатады. Сызылып енгенімен көңілден тұшынып кетеді бір күні. Сыйластықтың сырын ұққым келеді. Бірақ, сыртым бере гу-гу өсек ертіп, сықиып келіп сымпитып кететін жандар құрбаны болу жан азабына сызат түсіреді. Бір кем дүние десеңізші…
Естеймісің үнімді
Беу өмірім естеймісің үнімді,
Сезесің бе сырымды, білемісің мұңымды.
Жаңа ашқан ғұмыры, тұра бере жығылды.
Ноқтасымен ноқталап, жіберіпті құлынды,
Аянышты көзіңмен, қарашы күйге бүгінгі.
Жан-жағыңа қарашы, жиылған ылғи жабылар,
Төзімі жетпей жас құлын, жабылардан да жалығар.
Сағынғандай өзіңді, бал сәтін бәлкім сағынар,
Сағыныш отын іздесең, жасыңды жастан табылар.
Арманы биік еңселі, үміті оттай тағы бар,
Шамына тисе қағынар –
Жан болса игі десетін, сыр ұғар, жан табылар.
Қомағы тұйық көңілдің, кілтін кәне кім таппақ?
Тылсымға толы сырымды, қара жер алды құндақтап.
Өткені керім әсілі, айғағы оның бұлтартпақ,
Сағынышы мәңгілік, дөп солай жылын ұрлатпақ.
Өмірдің улы шарабын, көрген жан едім ұрттап нақ,
Тағдырым осы, осылай, жіберді мені жұмбақтап.
Жанымды ұғып адамдар, болған кейпі құптаған,
Жымысқы күлкі жарасып, жарамды менің ұқпаған.
Өз өзімге салынып, өзеуреуден аулақпын,
Өз мұңын өзі жеңген жан –
Өмірде сол ғой мықты адам?!
Рудный қаласы.