«Жастар қоғамдық келісімді қолдайды»
Осындай атаумен Ә. Боранбаев атындағы кинотеатр алдында қалалық жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен флеш моб өткізілді. Жастар «Нұр Отан» партиясының ХVІ республикалық съезі және алдағы сәуір айында болатын кезектен тыс Президент сайлауына қолдауын көрсетті.
Флеш мобқа қаланың кәсіптік оқу орындарынан 120 студент қатысты. Онда жастар өз пікірлерін білдіріп, «Алға, Қазақстан!», «Самға, Қазақстан!» деп жалынды ұрандар айтты. Ел бірлігін бірауыздан қолдайтындықтарын көрсетіп, «Мәңгілік елдің» символы шаңырақты бейнеледі.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.