Әкім католиктерді құттықтады
Кеше облыс әкімі Н.Садуақасов қаламыздағы “Успения Богородицы” рим-католик приходында өткен рождестволық діни шараға қатысып, дін өкілдерін Рождествомен құттықтады.

-Біздің Қазақстан – көп ұлтты әрі көп дінді мемлекет. Елімізде құрылған Ассамблея аясына шоғырланған әр ұлттың өкілдері бүгінде бейбітшілік пен келісім де өмір сүріп жатыр. Бірлігі мен татулығы жарасқан елдің тірлігі де берекелі болмақ. Елбасымыз ұстанған басты саясаттың бірі де осы татулық пен келісім. Бүгінгі діни шараға жиналған сіздерді Рождествомен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Қарлығаш Оспанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай