Шағын бизнестің алғашқы қарлығашы

IMG_3708Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Еңбек күні" мерекесіне орай "ОЛВИ" ЖШС президенті,"Алтын жүрек" номинациясының иегері Т. Соколовамен кездесу болып өтті.
Биыл серіктестіктің құрылғанына  – 20 жыл. Осы жылдарда "ОЛВИ" фирмасы қала экономикасына елеулі үлес қосты деп айтуға болады. Бірнеше дүкендері, наубайхана, дәріхана, компьютер орталығы, қонақ үй, бильярд клубтары халыққа қызмет көрсетуде.        
Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні соғыс және еңбек ардагерлеріне мерекелік дастархан жайып, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қаланың барлық арнаулы интернат тәрбиеленушілеріне, мүмкіндігі  шектеулі  жандарға қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып отырады.
Тамара Жәкенқызының еңбегі ақталып, 2010 жылы Арқалық қаласының "Жыл адамы" атанса, 2013 жылы республика бойынша "Сала көшбасшысы" атағын иемденді. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалі омырауында жарқыраған жан.
Кездесуге қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алматова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәки Ақан, "ОЛВИ "ЖШС қызметкері Роза Шалабайқызы, "Даму" баспа полиграфия орталығының басшысы С.Нұрманов және студенттер қатысты.
Жергілікті ақындар М.Қойшыбайұлы мен С.Әбілхасенұлы еңбек адамын дәріптеген арнау өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері "ОЛВИ" өмірінен сыр шертетін фото-көрме, слайд, тақырыптық сөрелерге шолу жасады.
 Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓