Көмек сұрайды
Қостанай қаласының тұрғыны Жазира Магадеева баласы Әлішердің еміне көмек сұрайды.
Магадеев Әлішер Маратұлы, 07.08.2017 жылы туған, диагнозы – туабітті микротия, сол жақтағы сыртқы есту жолының атрезиясы, ІІІ-VІ дәрежелі екі жақты кондуктивтік құлақ мүкістігі. Қосымша диагноз – сөйлеуге дейінгі дамудың кешігуі.
Магадеев Әлішер Маратұлы, 07.08.2017 жылы туған, диагнозы – туабітті микротия, сол жақтағы сыртқы есту жолының атрезиясы, ІІІ-VІ дәрежелі екі жақты кондуктивтік құлақ мүкістігі. Қосымша диагноз – сөйлеуге дейінгі дамудың кешігуі.
Әлішер нашар естігендіктен, айналасын дұрыс бағдарлай алмайды. Тіпті анасының дауысы қайдан шығып жатқанын білмей қалады. Сол жақ құлағы мүлдем естімейді. Алдағы уақытта ахуалы бұдан да нашарлауы мүмкін, өйткені мидың ақпаратты толық қабылдауды қамтамасыз ететін бөлігі өмірдің алғашқы 5 жылында белсенді дамуы керек. Анасын осы мәселе қатты алаңдатады.
«Әлішерді физикалық және моральдық азаптан құтқарып, есту қабілетін, құлақ арнасы мен жүрекшені қалпына келтіру үшін шұғыл операция қажет. Өкінішке қарай, Қазақстанда мұндай оталар жасалмайды. 2020 жылдың шілдесінде Әлішердің медициналық тұжырымдары Калифорния есту институтында (АҚШ) қаралды, онда мұндай патологиялар сәтті емделіп жатыр. Ота бір рет жасалады және баланың денсаулығына қауіпсіз. Отохирург Джозеф Робертсон мен хирург Джон Райниш есту қабілетінің толық қалпына келу мүмкіндігін 10-нан 8 балға бағалады. Біз баламыздың салауатты және бақытты өмір сүру мүмкіндігіне өте қуаныштымыз. Бірақ клиниканың тек операцияға арналған құны 87 мың доллар, сонымен қатар, операциядан кейінгі отыз күндік міндетті оңалту, АҚШ-қа ұшу және виза төлемі, бұл біздің отбасымыз үшін үлкен сома, өте ауыр. Тіпті барлық мүмкін ресурстарды жұмылдыра отырып, біз қажетті соманың жартысын жинай алмаймыз. Әрқашан тек өз күшіміз бен еңбегімізге ғана сенетін едік, бірақ қазір бұл мәселені жақсы адамдардың көмегінсіз жеңе алмаймыз», – дейді Әлішердің анасы Жазира Магадеева.
Көмек көрсету үшін реквизиттер:
ЖСН: 810225400871
Каспий Голд: 4400 4301 1870 7154
+7-702-806-36-08 (Жазира Болатқызы)
"Сбербанк" АҚ: 5392 1500 0601 0423
+7-702-806-36-08 (Magadeyeva Zhazira)