Комиссияның шешіміне сүйенсек…

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған жітіқаралық тұрғынға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді.
денсаулык баскармасыБасқарманың баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінер болсақ, 18 сәуірдегі ақпарат бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 жағдайы тіркелді (соның ішінде 1 өлім – тыныс алу жетіспеушілігінің күшеюіне байланысты). Бүгінде облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 5 адам жатыр, оның үшеуі екі рет жасалған теріс талдаудан кейін шығарылмақ. Қазір барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін, алгоритмге сәйкес, А. есімді пациентті облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы капсулада тасымалдау жоспарланып отырған көрінеді.
Ал, Жітіқара қаласында қайтыс болған 1945 жылғы азаматтың туысының арызына қатысты, Жітіқара қаласында КВИ бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге қызметтік тексеру жүргізу үшін Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының  2020 жылғы 15 сәуірдегі №154 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары Д.Жандаев бастаған арнайы комиссия құрылды, комиссия аталған мекенге барып, бұл мәселені жан-жақты зерделеді. Тергеу нәтижесінде мыналар анықталды:
“Жедел жәрдем пультіне 11 сәуір күні, сағат 9.54-те 1955 жылы туған А. пациентінің қызынан шақырту келіп түскен. Жедел медициналық көмектің келу уақыты – сағат 10:02. Қызының айтуынша, пациентте 3 күн бойы құрғақ сирек жөтел, дене қызуының жоғарылауы байқалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін науқас парацетамол таблеткасын қабылдаған. Дәрігерлік тексеру кезінде әйел шағым жасамаған. Дене қызуының көтерілуі, сырыл, ентігу сияқты белгілер болмаған. Айтуынша, олар Жітіқара қаласынан тыс жерге бармаған, 27 наурыздан бері тіпті далаға да шықпаған, пәтерде жолдасы екеуі ғана тұрып жатқан. Бұдан басқа, науқастың жұбайы – 1945 жылы туған Т. атты азамат та жедел-жәрдем дәрігерлері келгенде тексеруден өткен. Тексеру кезінде оның да тарапынан шағым айтылмады, дене қызуы – 36,6 градус болған.
Жедел жәрдем фельдшері өз кезегінде эпидемиологиялық анамнез жинады. Айтуынша, науқас пен оның қызы облыстан тыс басқа өңірлерге сапарға шықпаған және басқа адамдармен де байланысқа түспеген. Осылайша, тексеру кезіндегі науқастың жағдайы эпидемиологиялық анамнез болмағандықтан, коронавирустық инфекцияны анықтауға мүмкіндік бермеді. Қойылған диагноз – жедел респираторлық вирусты инфекция.
12 сәуір күні, сағат 11.34-те  жедел-жәрдем қайта шақыртылды. А. науқас температураның жоғарылауы, құсу, мұрынның бітелуі, диареяға шағымданған. Тексеру кезінде дене қызуы 37,5 градусты көрсеткен, құрғақ жөтел, сырыл, аздап ентігу белгілері байқалған. Қойылған диагноз: ЖРВИ. Пневмония? Ал, 1945 жылы туылған Т. есімді науқас та ентігу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздікке шағымданған. Тексеру кезінде өкпеде ылғалды, бірен-саран сырыл мен қатты тыныс алу анықталды, дене қызуы  37,9 градус болды. Қойылған диагноз: ЖРВИ. Пневмония?
Жедел-жәрдем бригадасы екі пациентті де алгоритмге сәйкес, медициналық айғақтары бойынша Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізді. Анамнезді қайта жинау барысында олардың жеті күн бойы ауырғандары анықталды. 27 наурыздан бастап үйде оқшауланған. Пациенттер Қостанай облысы, соның ішінде ҚР өңірлерінен тыс сапарға бармағанын, КВИ анықталған адамдармен байланыс жасамағынын жоққа шығарды. Оларға тексеру жүргізіліп, коронавирустық инфекцияға талдау жасалды, талдау оң нәтиже көрсетті.
Науқастар жеке санитариялық торабы бар жеке палатаға жатқызылып, дереу емдеу шаралары толық көлемде жүргізілді. Өкінішке қарай, 2020 жылы 15 сәуір күні таңертең қарт адамның жүрегі тоқтады. Айта кету керек, “КӨМЕК” медициналық ақпараттық жүйесіне сәйкес бұл пациенттерден ағымдағы жылдың  1-11 сәуір аралығында шақырту түскен жоқ.
Осылайша, комиссия жұмысының нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасалды: 2020 жылғы 11 сәуірде аталған пациенттерді емдеуге жатқызуға көрсеткіштер болған жоқ, жедел жәрдем, кезекші дәрігер, Жітіқара аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері медициналық көмек көрсетудің және пациенттерді емдеуге жатқызудың барлық стандарттарын сақтады, диагностикалық іс-шаралар және жиналған эпидемиялық анамнезге сәйкес емдеу тактикасы дұрыс анықталған. Оқшауланған палатаға емдеуге жатқызу және тағайындалған емдеу стандарттары сақталған. Оң нәтиже алғаннан кейін, науқастар инфекциялық бөлімшеге ауыстырылды, ал ондағы төсектік орындар COVID-19 нәтижесімен расталған науқастарды емдеуге арналған.
Бұл анықтама медицина қызметкерлерінің түсініктемелері және ұсынылған медициналық құжаттама негізінде жасалды. Стационардың карантинде болуына байланысты пациенттерді емдеуге жатқызу маршрутынан өтуге мүмкіндік жоқ” – делінген басқарманың баспасөз релизінде.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓