26 сәуірде 26 адам жұқтырған

26 cәуірде Қостанай облысында коронавирус 26 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. -17, Рудный қ. -4, Федоров ауданы -2, Арқалық қ, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан індетке шалдыққан.  
19 адам емханаға өздігінен жүгініп, 6 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай  профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 26 сәуір аралығында COVID-19-ды  14633 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14036. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓