Ағаш егу – көптің ісі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қалалар мен аудандар және де ауылдық округтерде сәуір-мамыр аралығында "Экологиялық екі ай" тазалық акциясы өтіп жатыр.
Аталмыш акцияға Жанкелдин ауданының жергілікті тұрғындары, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер белсенді ат салысуда. Олар "Жасыл ел" саябағына 500 түп көшет ағаштарын отырғызды. Жангелдин ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Мұқатовтың айтуынша, абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталған соң ағаштар мен гүлзарлардың күтіміне 14-29 жас аралығындағы жастар жауапты болмақ.
– Экологияның таза болғандығы жергілікті тұрғындарға да қолайлы. Ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға өте белсенді араласады. Қыс бойы жиналған күл-қоқыстарды, шашылған қағаз, басқа да тұтынған заттарды жинап, ретке келтіру үшін әр апта сайын сенбілікке шығып отырады. Бүгінгі сенбілікте олар "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша мерзімдік жұмыспен қамтылып, атқарған жұмыстарына сәйкес еңбекақы алады. Аталмыш бағдарламаның тиімділігі жазғы демалысқа келген студенттер уақыттарын босқа өткізбей өздерін еңбекке баулиды, – дейді Айбек Сәкенұлы.
Алдағы сенбілікте аудан орталығындағы барлық саябақтарға ағаштар егіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓