Тазалыққа жауаптымыз

Жыл сайын мамыр айында «Таза су айдындары» республикалық акциясы өткізіледі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен дәстүрлі акция биыл да жоспарланды. Мұндай акциялардың мақсаты – су айдындарында қалған балық аулау құралдарын шығару, өзен-көлдерді, жағалауларды қоқыстан тазарту, сонымен бірге қоғамның жануарлар дүниесін қорғайтын органдарға қатысты пікірін оңалту, азаматтардың табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге адамдардың көңілін қоршаған орта мәселелеріне аудару, экологиялық тәрбиелеуді жетілдіру акциямыздың міндеттері болып келеді.
 
IMG-20190604-WA0037
Инспекция тарапынан аталған акцияны жүргізу туралы ұсыныс хаттар балық шаруашылығы субъектілеріне және әр аудан мен қалалардағы жергілікті атқару органдарына жолданды. Жүргізілген акцияның толық қорытындысы облыс бойынша есептеліп болған соң қосымша жарияланатын болады. Осы жылдың 17 мамырында Тобыл өзенінің жағалауын жинауға Инспекция тарапынан ұйымдастырылған акцияға 7 мемлекеттік органның 40-тан астам қызметкер қатысты. Атап өтсек, Қостанай облысы экология департаменті, Тобыл-торғай бассейндік су пайдалануды реттеу инспекциясы, Көліктік бақылау инспекциясы, Аэромобильдік құтқару станциясы, Табиғат қорғау полициясы, Табиғат пайдалануды реттеу басқармасы шараға белсенді атсалысты. Аталған күні акцияға қатысушылармен шамамен 3 тонна қоқыс, 1,5 шақырымдай аумақтан иесіз аулар жиналды.
IMG-20190604-WA0106
Сонымен бірге инспекторлар мамыр айы ішінде рейдтік шаралар жүргізді. Жалпы балық шаруашылығы су айдындарын таза ұстау мен табиғатты сақтау шаралары тек қана акция шеңберінде ғана өтпей, адамдардың күнделікті өмірлік қағидасына айналса деген тілегіміз бар.
 
Маржан Дәндібаева,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының бас маманы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓