Қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар!

2021 жылғы 12 сәуірден бастап Қостанай облысының аумағында өрт қауіпті кезеңі басталды. Осыған байланысты, Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері жергілікті әкімдіктермен бірлесе қала маңындағы саяжай учаскелері мен бау-бақша серіктестіктерінде рейдтер өткізуді жоспарлап отыр.
Алдын алу рейдтерінің негізгі міндеті – тұрғындарға саяжай алқаптарындағы өрттерге қандай себептер әкелетінін және өрт сөндіру кезінде туындайтын проблемаларды жеткізу.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері саяжай иелерін сақтық шараларын сақтауға шақырады. Баубақша учаскелері мен саяжайлардың иелерінде бөшке, суы бар шелек, мүмкіндігінше өрт сөндіру құралдарының болуы міндетті. Электр, тұрмыстық электр, газ және аспаптар, пештер жарамды күйде ұсталуы және оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажет.
Құрылыс жұмыстарын кемінде 15 м қашықтықта орналастыруға міндетті, саяжай үйлерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сақталуына жол бермеуге, сондай-ақ жанғыш газдары бар баллондарды сақтау шарт. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын қашықтықта от жағуға, қалдықтарды жағуға қатаң тыйым салынады.
Бір мезгілде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) 410-бабына сәйкес "Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммер-циялық емес ұйымдарға он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мезгілде өрт қауіпсіздігі талаптарын – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – 10, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБК 336-бабына сәйкес өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау-ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 3, лауазымды тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Яғни, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын бұза отырып, саяжай учаскелерінде және жеке аулаларда тұрмыстық қалдықтарды жағатын тұрғындарға жоғарыда көрсетілген баптарға сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
И.ВАЛЬТЕР,
Қостанай облысының ТЖД МӨББ бас маманы азаматтық қорғау капитаны.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓