Алшынбаев: Аккредитация – дәл және сенімді жұмыстың нәтижесі
Жол сапалы болуы үшін жұмыс дұрыс жүруі керек. Ал жұмыстың жүруі, ең біріншіден, жасалатын жобаға байланысты. Қазір бұл міндетті облыс орталығынан ашылған «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» атқарып отыр.
Аталған мекеме өткен жылы толық аккредитациядан өтті. Бұл дегеніміз, облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» зертханасы тұтынушылардың зертхана жасай алатын жұмыстардың сапасы мен құзыреттілігіне деген сенімін қамтамасыз ете алады. Аккредиттацияның болуы зертхананың сынақтар, өлшеулер немесе зерттеулер саласындағы тапсырыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру қабілетін, сондай-ақ сынақтар мен өлшеулердің белгілі бір түрлерін орындау кезіндегі оның техникалық құзыреттілігін ресми тануды білдіреді.

«Облысымызда осындай мүмкіндіктің барын біле тұра, жол салуға тапсырыс берушілер көп жағдайда орталықпен келісім-шарт жасасуға асықпайды. Ал, жолдың сапасына сырттай баға беретін болсақ, әр салынған шаршы метр тыңғылықты тексеріліп, кәсіби мамандардың, аккредитацияланған зертхананың қорытындысынан кейін салынса жақсы болар еді», – дейді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» ҚОФ директоры А.Алшынбаев.
Айта кету керек, мұндай аккредитациядан өткен «Жол активтері ұлттық сапа орталығына» қарасты зертханалар саны әзірге төртеу ғана.
Зертхананы аккредиттеудің негізгі мақсаты өлшем бірлігін қамтамасыз етумен және өлшеу, тестілеу және зерттеу нәтижелерін өзара танумен байланысты. Егер зертханада белгілі бір қызмет саласында аккредиттеу болса, онда бұл оның жұмысының нәтижелері дәл және сенімді екенін білдіреді.