Журналистермен жүздесті

Облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа тағайындалған басшысы Марат Жұрқабаев алдымен облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакциясына арнайы келіп, журналистермен жүздесті.
Басқарма басшысы журналистермен емін-еркін әңгімелесіп, алға қойған мақсаттар туралы талқылады. Бүгінгі таңда ауыл әкімдерін сайлау мәселесі мен саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын біздің өңірде зерттеуге аса көңіл бөлуіміз керектігін айтты. Сондай-ақ, редакцияның алдағы жұмыс жоспарымен танысып, алда келе жатқан 100 жылдық мерейтой жайында кеңесті.
– "Қостанай таңы" – байырғы ата басылым. Сіздердің жұмыстарыңызбен бұрыннан таныспын. Алдымен Президент жүктеп отырған мемлекеттік саясатты жүзеге асыра отырып, өңірді ақпараттандыруды жандандыра түсуіміз қажет, – деді басқарма басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓