Вакцинация: аралық мәлімет
2021 жылғы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында COVID-19-ға қарсы 804 адам егілді, оның ішінде 1-компонентпен 550 адам қамтылса, 254 адам екінші рет екпе қабылдаған.
Халықты иммундау кезеңі басталғаннан бері барлығы 30355 адам вакцинацияланды, оның 1компонентпен егілгені – 23825, ал 6530 тұрғын 2-компонент бойынша вацина салдырған.
Санаттар бойынша мәліметтер төмендегідей:
|
медицина қызметкерлері
|
4661
|
|
ұлттық халық санағын өткізетін педагогтер, интервьюерлер
|
5295
|
|
учаскелік полицейлер
|
515
|
|
студенттер
|
155
|
|
медициналық – әлеуметтік және балаларға арналған жабық мекемелердің персоналы мен контингенті
|
1186
|
|
Төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері
|
3957
|
|
Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып саналатын мемлекеттік қызметшілер, ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
|
703
|
|
созылмалы аурулары (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі) бар адамдар
|
2648
|
|
басқа топтар
|
4705
|
Иммундаудан кейін денсауылығына шағым айтқандар тіркелген жоқ.
Облысқа барлығы 36000 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде, 1-компоненттің дозалары – 24000, 2-компонентке тиесілісі – 12000 дана.
Халықтың барлық санатын иммундау үшін «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы қолданылады.