Иммундау нүктесі – сауда орталығында

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов "Kostanay Plaza" СОО орналасқан КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациялау пунктінің қызметімен танысты. Коронавирус инфекциясына қарсы иммундау нысаны осы жылдың 15 сәуірінде ашылған еді.Облыс әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаевтың айтуынша, ашылған күннен бастап мұнда 560 адам вакцинацияланған.
– Пункте Қостанай қаласының №3 емханасының қызметкерлері кезекшілік етеді. Олар күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Үлкен кезек жоқ, өйткені бір ауысымда 5 немесе 6 дәрігер қызмет көрсетеді. Бір науқасты вакцинациялау үшін 5-7 минут уақыт кетеді. Болашақта мұндай пунктер басқа сауда орталықтарында да ашылады, – дейді Р.Айтбаев.Облыста барлығы 30 355 адам вакцинацияланған. Тек 2021 жылдың 20 сәуірінде облыста COVID-19 – ға қарсы 804 адам егілді.
Бүгіндері әр емханада егу кабинеттері бар, сондай-ақ көшпелі бригадалар да жұмыс істейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓