Ауылға кел, жас маман

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой медицина қызметкерлерін ауылға жұмыс істеуге баруға ынталандыру үшін қолға алынатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта елде ауылдық жерлерде 14 804 медицина қызметкері жұмыс істейді. Жаңадан салынып жатқан нысандарды есепке ала отырып, қосымша тағы 3 104 маманды ауылға тарту қажет болады.
"Ауылдардағы кадр тапшылығын жою үшін аймақтармен бірлесе отырып мынадай шаралар қабылдауды көздейміз: көтерме ақы көлемін 100-ден 1000 АЕК-ке дейін өсіру, ауылға жұмыс істеуге келген мамандарды міндетті түрде баспанамен қамту, жалақыны 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен 2,5 есеге дейін ұлғайту", – деді үкімет отырысында министр.
Оның айтуынша, қабылданған шаралар 2023 жылға қарай ауылдық елді мекендерді ақ халатты мамандармен 100% қамтуға мүмкіндік бермек. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓