Секвойя ма, гинкго ма?
"ССКӨБ" АҚ Қашар карьерінен ежелгі дәуір флорасының қалдықтары табылды. Алып ағаштың бөліктері карьердің солтүстік-батыс бортын ұңғу кезінде 30 метрден асатын тереңдіктен шықты. Бұл туралы кәсіпорынның Корпоративтік коммуникация қызметі "фейсбук" желісінде жариялады."Оны адымдағыш эксковатордың машинисі Анатолий Безбабный жұмыс кезінде байқаған, – дейді "Қашар кен" АҚ тау жұмыстарын жүргізуді бақылау және ұйымдастыру жөніндегі мамаг Иван Голованов. – Маған осы нысанды қазып алуға қатысу бақыты бұйырды. Бұл жұмысқа 5 адам жұмылдырылды. Табылған олжаның жалпы салмағы 2 тонна маңайында. Ең үлкен данасының ұзындығы 7 метрдей".
Ежелгі ағаштың жорамалды жасы 30-35 млн жыл болуы мүмкін. Біздің заманымызға дейін сақталуына діңінің тасқа айналуы себеп болған: құрамының 50%-дан астамы кварц-карбонатты цементтен тұрады. Тағы бір қызықты дерек – карьердің барлық төңірегінде 0,5-тен 3 метрге дейін жететін әртүрлі қуаттылыққа ие көмір горизонты дамыған. Демек, ежелгі олжа мезозой флорасының бөлігі және гинкго немесе кипаристік секвойя тұқымдасына жататын ағаштың қалдығы болуы әбден мүмкін.
Қазып алынған ағаш қазір Қашар карьерінен шыға беріске қойылып, басына стела орнатылды. Қызметкерлер мұның бір бөлігін ССКӨБ музейіне қойылса, кәсіпорынның тарихын байыта түсер еді деп есептейді. Тіпті, өзге өңірлердегі әріптестер арасында көнеден жеткен жаңалық көркем естелікке айналуы үшін арнайы байқау ұйымдастырылып, ең үздік идея авторына марапат тағайындау жоспарланып отыр.Айта кетейік, осыдан бірер жыл бұрын кәсіпорын қызметкерлері ежелгі балықтың қаңқасын тауып алған еді.