Мәжілісте О.Мұхамеджановты еске алды

Бүгін Мәжілісте мемлекет және қоғам қайраткері, палатаның III-V шақырылым депутаты, III және IV шақырылымдарда Мәжіліс төрағасы болған Орал Мұхамеджановты еске алу конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 20181105140154О.Мұхамеджановтың туғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен О. Мұхамеджановтың отбасы, туған-туыстары және жақындары қатысты.
«Орал Байғонысұлы еңбек қызметін туған жері – Қостанай облысынан бастап, өмірінің соңына дейін елім деп, жерім деп еңбек етті. Қазақстанымыз егемендік алған бірінші күннен бастап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қасында болды. Президентіміздің саясатын әрқашан қолдап, еліміздің дамуына  үлкен үлес қосқан азамат еді. Мемлекет басшысының барлық бастамаларына белсене араласып, қай жерде, қандай қызмет атқарса да, іскерлігімен, жауапкершілігімен, адамгершілігі және парасаттылық қасиеттерімен танылды. Әрқашанда абыройы жоғары,  беделі  биік  болды», – деді конференцияны ашқан Н. Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы, сондай-ақ Орал Мұхамеджанов жан-жақты қабілеті зор, мақсатқа берік, қызметке адал болғанын айта келе, оның есімі еліміз тарихында, соның ішінде Мәжіліс тарихында мәңгілік сақталатынын атап өтті.  
Одан әрі, Орал Мұхамеджановпен бірге жұмыс істеген әріптестері мен достарының естеліктері, өмірінің жарқын сәттерін бейнелейтін көптеген фотосуреттер оның жоғары адамгершілік және кәсіби қасиеттерін еске салды. Мұхамеджанов өмірінің маңызды бөлігін мемлекеттік қызметке арнады. Көптеген мәселелерді шешуге келгенде өзінің шынайы патриоттығы мен жоғары азаматтық көзқарасын танытып келді. Еңбек жолын Қостанай облысында бастады.  Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Мәжіліс депутаты және палата төрағасы ретінде қазақстандық парламентаризмнің дамуына елеулі үлес қосып, тиімді заң шығарушылық қызметінің нәтижесінде еліміздің тұрақты дамуының берік негізін қалады.
***
Орал Байғонысұлы  Мұхамеджанов (11.11.1948 – 15.10.2013) – Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері. Мәжілістің III-V шақырылым депутаты, III және IV шақырылымдарда Мәжіліс төрағасы.  «Құрмет», «Парасат», Достық (РФ), «Содружество» (ТМД ПАА) ордендерімен марапатталған.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓