«Тәуелсіз елімнің шамшырағы»

Осындай атаумен Арқалықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім беру мекемелері арасында көркемсөз байқауы өткізілді.
Байқауға қаладағы әр білім ошағының жоғары сынып оқушыларынан ең үздік деген бір үміткері қатысты. Үкілеген жүйріктер қастерлі тіл сайысында еліміздің шоқтығы биік ақындарының тәу етер тәуелсіздігімізге арнап шығарған өлеңдерін оқыды.
Бағалау талабында қатысушы тарапынан таңдалған өлең тақырыбының айқындылығы, өлеңді мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы назарға алынып, барлық ұпай саны сарапқа салынды. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы Нұрикамал Әбжан жеңіп алды. Екінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы №1 мектептің шәкірті Айзере Шөптібай, үшінші орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия шәкірті Динара Маханқызы иеленді. Ал, ынталандыру сыйлықтары №10 жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Айкөркем Құмақбай мен Кейкі батыр атындағы №4 мектеп шәкірті Назым Бейбітоваға берілді.
М.БЕКЕТҰЛЫ.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓