Тіл білу – заман талабы

Аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында "Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ біраз жұмыстар атқарып жатыр. 2014 жылдың ақпанынан бастап мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі оқытыла бастады. Уақыт тауып, оқимын, үйренемін деушілерге орталықта барлық жағдайлар жасалған. Орталық тек оқытумен ғана шектелмей, тілдерді насихаттауға бағытталған іс-шаралар да өткізеді. Жыл сайын дәс-түрлі Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтіледі. Мемлекеттік тіл күніне орай "Мемлекеттік тіл – менің тілім" атты іс-шара ұйым-дастырылды. Байқауға әртүрлі қызмет саласының өкілдері: мектеп оқушылары, колледж студенттері, аудандық аурухана қызметкерлері және көрші ауылдардан келген қонақтар болды. Байқаудың нәтижесі бойынша І орынды орталық аудандық ауруханасының қызметкері – Мельникова Яна, ІІ орынды Қазақстан агро-техникалық колледжінің студенті – Патрушев Артур, ІІІ орынды – №2 Қарабалық орта мектебінің оқушысы – Кропычева Диана иеленді. Барлық байқауға қатысушылар мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.