Дағдарыстан шығар жол
Елімізде «Жастар арасындағы отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша шараларды институттандыру» жобасы бастау алды.
«EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жобаның басталуына арналған онлайн-конференция өткізді. Онда жобаның маңыздылығы туралы айтылды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов құттықтау сөз сөйлеп, аталған жобаның отбасы институтын дамыту мен нығайту жолында атқарар жұмыстары мен маңыздылығына тоқталды. "Жастарды әлеуметтік желілер, Yоtube арнасы арқылы құлақтандырып отырумыз керек. Жобаны барынша көп бенефициарларын қамтуға және қазақстандықтарға отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсініп, бағалауға мүмкіндік беру жолдарын көрсете білгеніміз жөн" – дей кетті өз сөзінде Шахмардан Байманов.
"EN BAQYTTY El" ҚҚ директоры Кәмила Сүлейменова жоба аясында өткізілетін отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралардың жоспарымен бөлісті. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жоба аясында Қор отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.
Еліміздің барлық аймақтарында «Қарым-қатынастағы эмоционалды интеллект», «Қазіргі заманғы отбасының дағдарыстары» сияқты тақырыптарда ақысыз онлайн-дәрістер мен тренингтер өткізіледі. «Отбасылық құндылықтарды сақтау тетіктері», «Эмоционалды күйреу отбасындағы қақтығыстардың негізгі себептерінің бірі ретінде», «Жұмыста негативті қалай қалдыруға болады?», «Заманауи отбасы – зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері», «Отбасындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу», «Депрессия. Мұны қалай тануға болады және өмірдің маңызды сәтінде сүйіктіңізді қалай қолдауға болады», «Мазасыздық –ерлі-зайыптылардың өмір сапасына әсер ететін фактор», «Саналы неке. Отбасы бақытына 7 қадам», «Отбасы конституциясы – берік отбасының негізі» сияқты сан тақырыптар қамылып отырмақшы. Сондай-ақ, жастар мен отбасыларға әртүрлі салалардағы (психологиялық, заңдық және т.б.) отбасылық-неке қатынастары мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетуге арналған арнайы әдістемелік құрал шығару жоспарлануда.
Жобаны тиімдірек жүзеге асыру мақсатында отбасын біріктіруге бағытталған челлендждер, байқаулар, эстафеталар басталады, ауқымды жарыстардың бірі «Жылдың жас отбасысы» байқауы болады. Жобада маңызды орынды психологтардың, медиаторлардың, жаттықтырушылардың жастарға және отбасыларға отбасылық қатынастар туралы ақысыз кеңестері алады. Кез-келген мұқтаж адам қоңырау шалып, өз жағдайына қарай ақпарат алса да болады.
Аталмыш жоба жайында Youtube каналындағы En_baqytty_el және Facebook-тегі EN BAQYTTY EL парақшасынан көріп, қатысып отыруға болады.