Полицейлер де екпе алуда
Қостанай облысында полиция қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр. Осы күнге дейін 1746 тәртіп сақшысына екпе егілді.
Қостанай облысы Полиция департаменті медицина бөлімінің басшысы Қайрат Нұртазенов атап өткендей, ведомствоның 3 302 қызметкерін вакциналау жоспарланып отыр.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында екпе салу басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп вакцинациядан өту кестесі әзірленді. Тізімдер облыс қалаларының орталық аудандық ауруханалары мен емханаларына жіберілді. Вакцина алуы тиіс 3 302 қызметкердің 1746-і екпе салдырды. Бұл жеке құрамның 53%-ы», – деп хабарлады ол.
Бірінші кезекте халықпен тікелей байланыста болатын және жұқтыру қаупі жоғары сыртқы қызметте жүргендерге екпе салынады. Олардың арасында учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, патрульдік полиция қызметкерлері бар. Вакцинация алдында медицина қызметкері міндетті тексеруден өткізеді. Арасында ағзасында кері көрсеткіштері бар қызметкер вакцинацияға жіберілмейді, яғни медициналық көмек алады. Қазіргі уақытта 144 полицейдің денсаулығына байланысты ем алуда.
Облыстың ПД есірткі қылмысымен күрес жөніндегі қызметкер Лев Квасенко вакцинадан кейінгі денсаулығы туралы айтып берді.
«Наурыз айының басында біріншісін, айдың аяғында екінші компонентін алдым. Алғашқы белгілер байқалды, аздап дене қызуым көтерілді, бұлшық еттерім мен буындарым ауырды. Бұл – қалыпты жағдай. Өйткені оның ағзаға әсер ететінін түсіну қажет», – деп атап өтті ол.
Полиция департаменті қызметкерінің айтуынша, екпе саналы түрде жасалған.
«Қоғамда жалғыз тұрмайтыныңды түсіну қажет. Сенің балаларың бар, дүкенге барасың, қоғамдық көлікке мінесің, көптеген адаммен кездесесің. Сондықтан бұл қажеттілік», – деп түйіндеді Л.Квасенко.
Облыс ПД патрульдік полиция ротасының қызметкері Берік Әбелдинов те КВИ-ға қарсы алғашқы вакцина салғандардың бірі.
«Медициналық тексеруден кейін екпе салдырдым. Денсаулығым қалыпты. Жұмыстамын. Вакцина алу бәрімізге қалыпты өмірдің ырғағына ешқандай шектеусіз оралуға мүмкіндік береді», – деді Б.Әбелдинов.