87 адам сырқаттанған
4 желтоқсанда Қостанай облысында 87 адамнан коронавирус табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. – 44 адам, Рудный қ. –16, Б. Майлина атындағы ауданда – 13, Жітіқара қ. – 4, Лисаковск қ., Қарау ауданында және Меңдіқар аудандарында 2 адамнан, Арқалық қ., Әулиекөл, Ұзынкөл, Алтынсарин аудандарында 1 адамнан шалдыққан.
59 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 23 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта (вахтаға барар алдында), 4 адам эпидемиологиялық мақсатта тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 58 адамда ауру белгілері болды, 29 адам симптомсыз түрін жұқтырған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 4 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 5726 адам жұқтырып, 4107 адам емделіп шыққан.