COVID-19: +75

26 қарашада Қостанай облысында коронавирус 75 адамнан табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. – 34 адам, Рудный қ. – 17, Лисаков қ. –  5, Меңдіқара ауданында – 4, Қарасу ауданында – 3, Қостанай ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 2, Б.Майлин атындағы ауданда – 2, Жітіқара ауданында – 2,  Денисов ауданында – 1, Қамысты ауданында – 1, Сарыкөл ауданында 1 адам шалдықты.
53 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 8 адам профилактикалық мақсатта, 2 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 26 адам симптомсыз түрімен науқастанған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 26 қараша аралығында COVID-19-ды  5051 адам жұқтырып, 3796 адам емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓