Би-ағаң рухына тағзым

Таяуда қалалық А.С.Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі, "Қостанай таңы" газетінің негізін қалаушы Алаш арысы Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуына байланысты әдеби іс-шара өтті.
Би-ағаңның ескерткіші алдында бас қосқан әдебиет сүйер қауым жазушы рухына тағзым етіп, еске алды. Бұл игілікті іске ақын, ғалым Ақылбек Шаяхмет, халық ақыны Омар Шипиннің немересі Мұхамедқали Шипин, газетіміздің тілшісі, ақын Нұрболат  Мешітбаев және басқалары қатысып, сөз сөйлеп, Алаш арыстары жайында өлеңдер оқылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓