“Ашықтың” пайдасы

Алғашқы қостанайлық бизнес-нысан Ashyq жобасына енді. Бұдан былай "FitnessBlitz" фитнес-орталығы қолданыстағы шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істей алады. Кәсіпорын жақында QR-код алды. Оны жақын арада сынап көрмек.
"Тіркелу көп уақыт алған жоқ. Барлығы қарапайым және ыңғайлы. Қазіргі уақытта біз қосымшамен танысып, өз клиенттерімізге бұл туралы міндетті түрде хабарлаймыз. Енді алдағы күндері QR-код арқылы жұмыс істей бастаймыз. Ashyq жобасына келудегі мақсатымыз – біріншіден, біз өз клиенттерімізбен қызметкерлерімізге қамқорлық жасаймыз. Оларды індет жұқтырудан барынша қорғағымыз келеді. Екін-шіден, біздің фитнес-орталық эпидемиологиялық жағдайға байланысты көп істеген жоқ. Ashyq қосымшасымен біз қызыл аймақтың шарттары бойынша тыныш жұмыс істей аламыз", – дейді "FitnessBlitz" фитнес орталығының директоры Ренат Ким.
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, Ashyq жобасына 14 сәуірден бастап кинотеатрлар мен қоғамдық тамақтану орындары (банкет залдарын, асхана, фаст-фуд және стрит-фуд сияқты объектілерді қоспағанда), театрлар, филармониялар мен ерікті қатысушылар кіре алады. 21 сәуірден бастап облысаралық және қалалық жүйесіз (туристік) тасымалдар, бильярд клубтары мен концерт залдары енгізіледі. Ал, 5 мамырдан бастап "Ashyq" караоке және банкет залдарына еркіндік жасамақ. Жоба өз жұмысын бүкіл облыста 26 сәуірде бастайды.
"QR-кодты алу үшін биз-нес иесі (ЭҚЖЖ) талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін infokazakhstan.kz сайты арқылы өтініш беруі керек. Жеке кабинетте бір апта бойы оқуға және тест режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін код пайда болады. Қоғамдық тамақтану орындары мен кинотеатрлардың иелері алдымен Профильді қауымдастыққа өтініш жіберіп, содан кейін infokazakhstan.kz сайтынан QR-кодын алуы керек. Бұл коронавируспен күресудің қосымша шарасы екенін атап өткім келеді. Бұдан басқа, кәсіпорын бас санитар дәрігер қаулыларының алгоритмдерінде көрсетілген барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс", – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Клиенттер AppStore және PlayMarket-тен "Ashyq" мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, ЖСН енгізіп, мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. Сондай-ақ, шығатын кезде QR кодын сканерлеу керек.
Естеріңізге сала кетейік, "Ashyq" – бұл қоғамдық орындарға келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Кірер алдында қолданушы арнайы QR кодын сканерлейді және оны әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды, оған ақпараттық жүйелермен салыстыру негізінде Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің covid-19 бақылау орталығының мәліметі беріледі.
Егер адам коронавирусқа ПТР тестін тапсырып, оң нәтиже алса, "қызыл" мәртебе беріледі. Бұл мәртебенің иелеріне үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтау тапсырылды. "Сары" байланыс адамдарына беріледі. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. "Көк" ПТР-тест міндетті орындардан басқа барлық жерде еркін жүруді білді-реді. "Жасыл" – толық қозғалыс еркіндігінің белгісі. QR-код тек бизнес нысандарына ғана беріледі. Ол субъектінің атауы, оның орналасқан жері және басқа сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық идентификатор. Бір нысанға кіріп-шығу үшін кемінде екі QR-код беріледі. Егер нысанға бірнеше рет кіру қажет болса, онда әрқайсы үшін жеке QR коды жасалады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі іске қосылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓