Ыстық су тоқтатылады

Қостанай қаласында ыстық суды уақытша ағыту шаралары басталды. Өйткені облыс орталығында жылдағыдай су тарату желілерін жоғары қысыммен сынау жұмыстары жүргізіледі.
Мәселен, дүйсенбіден бастап КСК шағын ауданында ыстық су тоқтады. 20 тамызда қосылуы тиіс.
"Бүгінде Қостанайда 182 үй ыстық судан ажыратылды. Қазіргі уақытта Жауынгерлер қалашығы ауданында 15 тұрғын үйге, жылу желілерін жоғары қысыммен сынақтан өткізу үшін КСК шағын ауданында 167 үйге ыстық су беру тоқтатылды", – дейді "ҚЖЭК" МКМ бас инженерінің орынбасары Нұрлан Көшеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓