Қоғамдық пікір қандай?
Мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы қаншалықты іске асуда? Облыс жұртшылығы осы мақсатта қабылданған шаралар қаншалықты тиімді екені туралы өз ойларын білдіре алады.
Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Сүйіндіковтің айтуынша, облыс әкімдігі сайтының "Оқиғалар" бөлімінде орналасқан анонимдік сауалнамаға 1500 астам азамат қатысқан. Сауалнамада "Сіз күн-делікті өмірде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілерімен қаншалықты жиі кездесесіз?", "Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін арттыру үшін не істеу керек?", "Мемлекеттік органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралардың тиімділігі?" деген сұрақтар бар. Мүндай сауалнамалар қала және аудан әкімдерінің сайттарында да бар.
Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ.