Әйелдер мейрамында автошеру өтпек

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қостанайлық жастар автошеру ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай облысы жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Абдулинаның айтуынша, 3 наурызда өтетін автошеруге тек қана нәзік жандылар қатысады.
«Автошеруге 21 жастан асқан бойжеткендер ғана шығады. Айта кетерлігі, көліктер барлық техникалық талаптарына сай болуы керек. Әрбір қатысушы жол қозғалысы ережелерін білуі тиіс.Қатысушылар жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен бірге жүреді. Әр қатысушы автокөлікті өзінің қалауы бойынша безендіреді», – деді А.Абдулина агенттік тілшісіне.
Қазіргі уақытта 15 бойжеткен аталған шараға қатысуға ниет білдіріп отыр. Автошеру Жеңіс паркінен басталып, «Астықжан» сауда орталығында мәреге жетеді. Жастар ресурстық орталығында мәлім етілгендей, көлік зақымданған жағдайда арулар оны өз қаражатына жөндетеді.
 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓