Ізгіліктің жолы – мейірім

IMG_9605Бірде газет бетінде облыстық балалар үйінің балғындары туралы жазып, артынан "Шапағат" жобасын аштық. Ондағы мақсатымыз ата-ананың мейірімінен құр алақан қамкөңіл балғындардың қарабайыр тірлігіне жан жылуын шашсақ деген едік. Балаларға қажетті заттардың тізімін де жарияладық. Қалың қазақ оқырманы мұны елеусіз қалдырмапты. Көмек береміз, шапағатымызды төгеміз дегендер келіп, барымен бөлісіпті. Сол мақаладан соң неліктен біздер аз-тұмдап болса да осы балаларға көмегімізді бермейміз деген ойға келдік. Және өзіміз де қадам бастадық.
Бүгінде балалар үйін-де тәрбиеленіп жатқан балалардың саны аз емес. Қалай десек те, оның ішін-де қазақ баласы да баршылық. Олардың тәрбиесі, санасы орыс-танып кетпесін деген ниетпен тәрбиешілердің бастауымен мұнда IMG_9525қазақ тобы ашылған еді. Бұл топта барлығы 15 бала. Тағдырдың тәлкегіне түскен жәудір көздер жан-жақтан жиналған. Әр қайсысының тағдыры сан қилы. Бірақ бастысы ол емес. Ең бастысы осы балалардың келешегі. Күні ертең олар қандай азамат болып өседі. Ол, әрине, бағып, дұрыс тәрбие беріп, бағыттауға қарай болар. Жақсылықтың дәнін әр баланың жүрегіне себе білгенде олар өз болашағына сенер.
Жаз айында балғындар лагерьде дем алғаны бар еді. Демалыс орнына біз де бардық. Шаттық күлкіге толы жаз айының бір мезетін фото объективке түсі-ріп, бір ауық олармен уақыт өткіз-дік. Әңгімелескен едік.
Қазір күз мезгілі. Зымырап өтіп жатқан уақыт. Сабақ басталып, балалар ұяларына қайта оралды. Осындай күндердің бірінде балалар үйінің тәрбиешісі Айгүл апай телефон шалып, "мүмкіндік болса, фотосуреттерді тарту етсеңіздер" деген өтінішін білдірді. Бұл редакция ұжымының ойында бар болатын. Дереу іске кірі-сіп, фототілші Бағдат суреттерді дайындап, арнайы рамкаларға салдық. Газет редакторы Ж.Аязбеков балаларға қажетті кеңсе тауарларын алғызды. Біздер бір кабинетте бес журналист отырамыз. Балаларға базарлық дайындадық. Осылай басталған қайырымдылық бастамамызды бүкіл редакция қызметкерлері қолдап, іліп әкетті. Шамалары келгенше қаражат қосты, қызметкеріміз А.Аңсағанқызы балаларға деп ойыншықтар, сабаққа қажетті сөмкелер әкелді. IMG_9541Осылайша қоржынымызды толтырып, бас редактордың  орынбасары С.Меңдібаев "Тұмарымыз Түркістан" атты кітабынан бірнеше данасын  алып, өзі бастап, балалар үйіне аттандық.
Біз барған шақта балалардың дені сабақта. Бір қатары бөлмелерінде болды. Ер балалар қос қолдап сәлем беріп жатыр. Жерде дөңгелек қазақы үстел. Жағалай оюлы көрпелер төселген. Балғындар үшін бар жағдай жасалғаны көрініп тұр.
С.Меңдібаев балаларға ақ жол, келешекте сәттіліктің серік болғанын тіледі. Балалар келген қонаққа ерекше риза болды. Өз суреттерін көріп, мәз-мейрам. Алыста әжесінің барын білетін Темірлан: "Мына суретімді әжеме беремін" деп бауырына қысты. Ал бір топта інісімен бірге тәрбие-леніп жатқан Әсия ойыншықтың бірден екеуін құшағына алды. "Мынаны Алтынбек ініме, бауырыма алайын. Ол қазір сабақта" деп қолынан тастамады. Барлығы да у-шу болып, қуанып қал-ды. Үстелдің үстіне барлық базарлықты жайып қойған, абыр-сабыр.
IMG_9555Балалар үйінің де бізге әзірлегендері бар екен. Директордың орынбасары К.Хасанова алғысын жеткізіп, "Қостанай таңы" газетінің редакция ұжымына Алғыс хат табыстады. Одан қалды балалар да бірінен соң бірі ортаға шығып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. "Болашақта жақсы оқып, жақсы азамат болуға уәде береміз" деп жатты. Айтқандары келсін.
Бұл, әрине, теңізге тамған тамшыдай. Бірақ балалар да өсер. Күні ертең атпалдай азамат болатыны шындық. Сонда осы күнді естеріне ала жүрер, бәлкім, өздері берген уәделерін орындар. Жолдары болып, өмірден адаспай өз орындарын алар. Біздің патша көңіліміз олардың тек  жақсы  адам  болып қалыптасқандығын қалайды. Әрбір баланың аппақ адал әлемі осыған лайық емес пе. Ендеше өмірден теперіш көрген, көмекке зәру, жан жылуына мұқтаж кез келген жаннан шапағатымызды ая-майық. Бір-бірімізге мейірімді болайық.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ: балалардың қуанышты бір сәті, балапандар-бал-ғындар.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓