“Табысым жаман емес” дейді екінші топтағы мүгедек Елена Громова
Ол да аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға кәсіп тауып, бүгінде "Ульянов" жеке кәсіпкерлігінде еңбек етуде.
– Мүгедектігіме алатын азын-аулақ жәрдемақым дәрі-дәрмектен де артылмайды. Тағдырдың басқа салғаны шығар, жұрт қатарлы тұрмысқа да шықпадым. Арқа сүйер ешкімім жоқ әрі мен сияқты жалғыз басты жанға кім көмек қолын созар дейсіз. Қол қусырып босқа отырғанша, жұмыс істейін деп шештім. Ауыр жұмыстарға менің денсаулығым да жарамайды, сондықтан жеңіл-желпі жұмыс табу оңайға соқпады. Аудандық жұмыспен қамту орталығындағыларға рахмет, көп кешіктірмей жұмысқа орналасуыма жәрдемдерін тигізді. Қазір аталған жеке кәсіпкерліктің балығын сатумен айналысамын, жұмыс жеңіл әрі жалақым да жаман емес, 57 мың теңге аламын. Мұның өзі мен сияқты мүгедек жанға едәуір көмек, – дейді Елена Громова.
Қарлығаш ОСПАНОВА