Спорт деген – бір сиқыр

Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде мүгедектер арасында үстел теннисінен облыстық ашық турнир өтті. Спорттық сайыс ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған.
Турнирге Қостанай, Рудный қаласының, Науырзым, Алтынсарин және Қостанай аудандарының спортшылары қатысты. Жеңімпаздар медаль, грамоталармен марапатталды. Іс-шараны облыстық «Nur Otan» партиясы мен облыстағы паралимпиадалық спорт түрлерінің федерациясы ұйымдастырды.
– Соңғы екі жылда мұндай турнирлерді ұйымдастыру жағы тоқтап қалған еді. Оған әлемдік пандемияның да әсері бар. Арадағы үзілістен соң спортшыларды оңалту, оларды ынталандыру және болашақ жарыстарға дайындау мақсатында ашық турнирді өткіздік. Алдағы күзде жастар және үлкендер арасында чемпионат өтеді. Оның облыстық кезеңінен іріктелгендер республикалық жарысқа жолдама алады. Дүбірлі додаға спортшыларымызды дайындау мақсатында осы сайысты ұйымдастырып отырмыз. Мүгедектерге қолдау білдірген Қостанай ауданының әкімшілігіне алғыс айтамын, – деді Қостанай облысындағы мүгедектер федерациясының президенті Дүйсенғали Оспанов.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓