ЖЕКЕ КӘСІПКЕ ЖОЛ АШЫҚ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Басты мақсат – «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері туралы» Заңды түсіндіру және өңірде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу.SERG (44)
Шаруалардың базынасы тыңдалды
Премьер-Министр алдымен жаңадан салынған «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенін аралап көрді. Аталған кешен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерді. Қазір осында 29 адам жұмыс істейді. Белгілі болғандай,  аталған спорт кешені қаладағы №2 «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» балансына өтеді. Алдағы маусым айында мұнда спортшылардың оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов Үкімет басшысына өңірде МЖӘ бойынша іске асырылатын басқа да жобалар туралы баяндады.
Содан кейін, Бақытжан Сағынтаев Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС базасында «Ақылды құс фабрикасы» пилоттық жобасымен танысты. Бұл кәсіпорнында 2007 жылдан бері 300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Серіктестікті «100 жаңа есім» жобасына кірген кәсіпкер Қайрат Майышев басқарады. Сондай-ақ, Премьер-Министр Рудный қаласындағы сүтті қайта өңдеумен айналысатын «Лидер – 2010» ЖШС-ға барып, қостанайлық өнім өндірушілермен кездесті.SERG (79)
Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қазіргі уақытта еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін арттыру күн тәртібінен түспеуі керек.
– Үкімет агроөндірістік кешеннің барлық саласын жан-жақты дамытуда бірнеше жобаларды іске асырады. Өз кезегінде сіздер де осы бағыттағы жұмыстарға атсалысыңыздар. Біз күні кеше ауылшаруашылық кооперацияларын қалыптастыру мәселелерін талқыладық. Еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін арттыру маңызды болып отыр. Соған мән беру тиіс, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Содан кейін Премьер-Министр ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауалдарын тыңдады. Атап айтқанда, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов ауылшаруашылық қосалқы бөлшектерінің елде шығарылмай жатқанына мән берді.
Жиын барысында жақында Президент жария түрде қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды талқылады. Тәжірибелі шаруалар жаңа заң әуелі еркін кәсіпкерлікке жол ашады деп отыр. Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқановтың айтуынша, кәсіпкерлік туралы заң дер кезінде өзгерді.
– Өздеріңіз білесіздер, Елбасы бизнес шығындарын жаппай төмендету жөнінде заңда қарастырылған шаралар мен бәсекеге кедергі келтіретін нормалардың алынып тасталғаны туралы айтты. Біз бұны бірнеше жыл бойы күттік. Дер шағында шешім қабылдап, кәсіпкерлерге мүмкіндік ашқан Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымыз шексіз. Кәсіпкерлік қызмет туралы заң аясындағы бизнестің жаңа мүмкіндіктеріне баса назар аударылды. Енді фермерлеріміз қағазбастылықтан арылып, еркін кәсіпке ұмтылуы тиіс, – деді Сайран Бұқанов басқосу барысында. 
Тәжірибелі диқанның сөзіне құлақ түрсек, ауыл шаруашылығы саласында шешілмеген мәселелер әлі де жетерлік.
– Елде комбайн, тракторлар көптеп шығарылады да, оның қосалқы бөлшектерін құрастыратын зауыттар жоқ. Дала жұмысына салынатын техникалар бұзылмай тұрмайды. Оларға техникалық сервистерден өткізіп, жөндеу қажеттігі туындағанда біраз қиналып қаламыз. Тіпті, қарапайым резеңке бөлшектер, дискаторлар, тырмалар, культиваторлар жетпей жатады. Фермерлер осы аталған құрылғыларды Ресейден немесе мұхиттың арғы жағынан алдыртады. Бұл қомақты қаражатты талап ететіні айтпаса да түсінікті. Мысалы, күнделікті пайдаланатын егін сепкіш құрылғыны батыс елдерінен алдырғанда ресейлік зауыттардағы бағадан 3 есе қымбат төлейміз. Осы бағытта мемлекеттен қолдау күтеміз, – деген ұсынысын айтты Сайран Бұқанов Үкімет басшысына.
Қозғалған мәселелерге қатысты Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев түсінік берді. Оның айтуынша, ауылшаруашылық қосалқы бөлшектер шығару үшін білікті кадрлар қажет. Алдымен осы сауал шешімін тапса, елде қосалқы бөлшектерін құрастыратын зауыттардың қатары көбейеді. Жиында белгілі болғандай, Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектерін шығару мәселелерін Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырмақ.
Ал «Диевская» агрофирмасының  директоры Олег Даниленко мал шаруашылығында кездесетін қиындықтарды айтты. Б.Сағынтаев қостанайлық кәсіпкерлердің мәселелерін Үкімет жиынында талқылауға уәде етті.
Әлеуметтік нысан – ел игілігіне
Мұнан соң меймандар Қостанай қаласында бірқатар нысанды аралады: «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке құрылыс салушылар салған «Алтын Арман» жаңа тұрғын үй кешені, «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы.
Облыс әкімінің орынбасары С. Карплюк Премьер-Министрге өңірдегі тұрғын үй құрылысы барысы туралы, облыстың тұрғындарын қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік маңыздағы нысандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы 36%-ға артқан. 2,5 мыңнан астам отбасы пәтерге ие болды. Биыл өңірде 97,1 мың шаршы метр немесе 1548 пәтер пайдалануға беріледі.
Кондитер фабрикасына барған кезде Премьер-Министр азық-түлік өнеркәсібін технологиялық жаңғырту қарқынымен танысты. 2017 жылы Кәсіпкерлікке қолдау көрсету картасы аясында кәсіпорында екі жаңа өндірістік желі іске қосылды. Биыл кәмпит өндірісі бойынша инновациялық технологияларды қолданумен жаңа жабдықты іске қосу көзделген.SERG (174)
ҚР Премьер-Министрі Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Соколов карьерінің қызметімен танысты. 2017 жылы кен байыту орнында Индустрия 4.0 элементтері енгізілген «Ақылды кеніш» жобасы қолға алынған болатын. «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев Үкімет басшысына кәсіпорынның даму стратегиясын таныстырды.
– Биыл біздің бірлестікте автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылған тау транспорты кешені іске қосылады. Бұдан былай кеніштегі құрылғылар мен жабдықтарға мониторинг жасау мен оларға түзетулер енгізуді компьютер атқарады. Қашар кенішіндегі барлық өндірістік процестің толық автоматтандырылуы еңбек өнімділігін арттырды. Бұл жоба биыл Соколов кенішіне енгізіледі, – деді Б.Мұхаметқалиев.
 
«Қазір «Жигули» құрастырудың қажеті жоқ»
Мұнан соң Үкімет басшысы кен байыту кәсіпорнының еңбек ұжымы және рудныйлық жастармен кездесу өткізді.
– Елімізде цифрландыру бағдарламасы қабылданғаннан кейін өндіріс орындары да осы бағытқа аса мән беріп келеді. Мен былтыр Қостанай облысындағы сапарымды «СарыарқаАвтоПром» машина зауытынан бастадым. Содан соң Қостанай автомобиль колледжіне барып, оқыту процесімен таныстым. Сол кезде облыс басшылығына студенттерге «Жигули» көлігін құрастыруды үйреткеннен гөрі,  заман талаптарына жауап беретін көліктерді шығаруды қолға алу керектігін айттым. Себебі, Қостанай елдегі  ірі автокөлік шығару орталығы саналады. Уақыт көшінен қалмау маңызды екенін ұмытпаңыздар. Қазір сол «Жигули» көлігін табудың өзі қиын. Ол өткен заманда қалды. Сондықтан да елдегі әлеуетті кәсіпорындар «ақылды» жүйелерді көптеп енгізіп жатыр. Мұндай бастамалар Қостанай облысында да жүзеге асып жатқаны қуантады, – деді Үкімет басшысы.WhatsApp Image 2018-05-25 at 15.22.05
Бақытжан Сағынтаев Рудныйдағы кадр даярлау орталығында болып, қызмет барысын көрді. Биыл мұнда «LeanAcademy» кабинеті ашылды. Оның мақсаты – кәсіпорын жабдықтарының сапасын, артықшылығы мен кемшілігін анықтау. Кабинет «ұқыпты өндіріс» процесімен жұмыс істейді. Ол бей-берекет орналасқан жабдықтарды біркелкі жинауға үйретеді.WhatsApp Image 2018-05-25 at 15.22.04
Жалпы, бұл кездесу Қостанай облысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру толыққанды жүргізіліп жатқанын, оны іске асыру механизмдері енгізіліп, өз нәтижелерін бере бастағанын көрсетті. Қостанайлық жастар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын белсене қолдайды және оны іске асыру үшін атсалысуға әзір, мұны студенттер өз сөздерінде бірнеше рет атап айтты
 
Шешім таппаған төрт сұрақ
Бақытжан Сағынтаевтың облыс активімен, ірі және шағын бизнес өкілдерімен кездесуі Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруға арналды. Күн тәртібінде облыс әкімінің экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстары, экономиканың жаңа секторларының дамуы, еңбек ресурстарын басқару, кадр дайындау және қайта даярлау, бәсекеке қабілетті бизнесті қалыптастыру мәселелері қаралды. Алдымен, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткен жылдың қорытынды есебін баяндады.DSC_9203
– 2017 жылдың көрсеткіші бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 104,9%-ға тең. Барлығы әлеуетті 40 жобаға инвестиция тартылды. Оның 22-сі индустрия саласына тиесілі. Негізі 2018 жылдың 4 айы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалды. Әсіресе, құрылыс жұмыстары мен бөлшек сауда саласының пайыздық үлесі жоғары. алдағы жылдары өсім қоры ретінде облыста 6000 астам жұмыс орнын ашумен 1,2 трлн теңгеге 40 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген, – деді А.Мұхамбетов.DSC_9156
Сондай-ақ, облыс басшысы өңірде шешімін таппай тұрған бірнеше мәселеге тоқталды.
– Қазіргі уақытта облыста төрт мәселе шешілмей тұр. Әуелі, Арқалық қаласына мазут отынын сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінуін сұраймыз. Рудный цемент зауытына республикалық бюджеттен 547 млн теңге қажет. Сонымен қатар Әуежай, Юбилейный аудандары мен 4 ауылдағы мектептердің құрылысын аяқтау жұмыстары да қаржыға тіреліп отыр. Осы мәселелер шешілсе, бірнеше тұрақты жұмыс орны ашылуы тиіс, – деді өңір басшысы.DSC_9140
Бақытжан Сағынтаев облыс әкімінің сауалын Үкімет жиынында қарауға уәде өтті.  Үкім басшысы атап өткендей, ҚР Президенті бастамашы болған және ҚР Үкіметі қабылдаған барлық бағдарламалар Қостанай облысында сәтті іске асырылып жатыр. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі бойынша облыс алдыңғы қатарда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓