Қайырым – жүректен

Қазақстан халқы ассамблеясы тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созбақ ниетте. Осы мақсатта "Қайырымдылық керуені" атауымен арнайы акция ұйымдастырылды.  Жастар жылы және Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауымен үндескен жоба "Мейірімділікпен – бірлікке!" бірыңғай ұранмен жүргізілмек. Жоба аясында жылдың әр айында (күнтізбеде көрсетілген) белгілі бір тақырыпта қайырымдылық шаралары атқарылатын болады. Күнтізбеде 2019 жылдың атаулы күндері ескеріліп, ұлттық салт-дәстүрлер зерделеніпті. Қайырымдылық шаралары осы негізде қолға алынбақ.WhatsApp Image 2019-01-09 at 16.02.51
–– Біз қайырымдылық барысында адамдарды айналасындағылардың көмегімен қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырғымыз келеді. Қаңтар "Сарқыт" белгісімен басталады. Бұл дәстүрдің  мәні – тамаққа ұқыпты қарау. Әлеуметтік мәні – тамақты басқалармен бөлісу. Біз барлық білім беру ұйымдарын, барлық өңірлердің еңбек ұжымдарын қайырымдылық акцияларын өткізудің осындай форматына қосылуға шақырамыз. "Сарқыт" акциясы аясында алдағы мереке күндері жақсылық пен жан жылуын бөлісуге, аға буын өкілдеріне алдағы "Сыбаға" айлығында көңіл бөлуге дайынбыз, әрбір мерекелік іс-шараны біз әрқашан "Шашу" кәмпиттері мен тәттілерін шашумен ашамыз. Сәуір айының басында біз өзіміздің жерлестерімізді ұзақ қыстан кейін  "асарлатып" қолдауға тиіспіз. Аға ұрпаққа қамқорлық мамыр айында "Қамқор" атауымен іске аспақ. Мектеп, орта оқу орындары, жоғары оқу орындарының түлектеріне қолдау көрсету, сәттілік тілектерімен маусым айында "Тоқымқағар" акциясын өткіземіз. Осылайша, жыл бойы халықтың әртүрлі топтарын қамту жоспарланған, –деп атап өтті ҚХА мүшесі, ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл.
Ерікті шараға жастарды тарту керектігіне ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Шушаник Саркисян баса назар аударды. Игі іске жас буынды жұмылдыру үшін кәсіп ашуға мемлекеттік тегін грандты қарастыратын «Zhas Project» іспетті жобаларды жандандыру керектігін тілге тиек етті. «Үкіметтің қолдауын сезінген жастар мұқтаж жандарға тегін қызмет көрсетер еді,» – деген ойын білдірді.
"Дуслык" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Яна Федорович осы айда аз қамтылған отбасылардың балаларына сыйлықтар тарататынын айтты. Сәуірде еңбек қызметіне – сенбіліктерге шығуды, ал мамырда ардагерлерге қолдау көрсету жоспарланып отыр.
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓