Қор ұлғайды

ССКӨБ" АҚ рациониализатор мамандарының жобасы арқасында, сарқылу алдындағы Сарыбай кені 2027 жылға дейін, ал Соколов карьерінің қоры 2034 жылға дейін ұзартылды.5 жыл бұрын Сарыбай кен орнының шығыс бортын және ішкі үйіндісін қалпына келтіру жұмыстары басталған еді. Нәтижесінде карьер "өмірі" ұзартылды. Жалпы көлемі 44,3 млн тонна болатын темір кенінің қосымша қорын өңдеу басталды. Оны ашу коэффицентінің төмен болғанына байланысты, бұл кенді өндіруге аз шығын кетпек. Сондай-ақ, қайта ұйымдастыру жұмыстары арқасында ішкі үйінді көлемі 12 млн текше метрге жетті. Экономикалық ықпалы 2 млрд теңгеден аспақ.
Ал Соколов карьерінің шығыс бортының жоғарғы қабатын ашу жұмыстары 2011 жылы басталған. Бүгінде ойып алынған борпылдақ аршылым аумағы 13,3 млн текше метрден асады. Кен алу жұмыстары 2023 жылы басталады. Бұл жерде жылына 4 млн тонна кен өндіріліп, қоры 2034 жылға дейін жетпек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓