Тың тәсілдерді көрсететін жоба

Қоғам қайраткері, "Парасат жолы" республикалық жобасының төрағасы Сәдібек Түгел Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында басқосу өткізді.
"Парасат жолы" сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәрбие беру және халық арасында парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне түрлі мақсатты топтарды тартуда жаңа тәсілдерді көрсететін жоба. Клуб отырысына ақындар, мәдениет саласының қызметкерлері мен өңірдің шығармашылық интеллигенциясы қатысты. "Парасат жолы" жобасының үйлестірушісі әрі Төрағаның кеңесшісі Жазира Жылқышиева "бүгінгі таңда зиялы қауым өкілдері келешек ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бастамашы болуда. Сондықтан бұл институт өңірдің әрбір тұрғынына оң әсер етеді" деді өз сөзінде.
Бүгінгі таңда облыста "Парасат жолы" жобалары өңірдің көптеген кітапханаларының базасында жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушылары халық арасында парасаттылық қағидаттарын кеңінен қамтуға, жаппай таратуға барларын салуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓