Ақиқаттың ақ жолы немесе Аймағанбет молда туралы сыр

Әр заманның, әр дәуірдің өзіндік көсемі, шешені, батыры болады. Оларды сынап сөз айту әсте жөн емес. Қайта пір ете сыйынып, мақтан ете жырлау керек!!! Иә, шынында да! Біреу тарихқа айқайлап ел билеп кіреді, қайсыбірі күрестің, тартыстың азабын кешіп, енді бірі таза еңбегімен кіреді. Бұл тегі тарих заңы болуы керек… Әйткенмен, есімі ескерусіз қалғандары қаншама… Сондай тұлғалардың бірі – Аймұхаммед Спанұлы! Дегенмен, ескерусіз қалды дегеніміз күпірлік болар… Ол кісінің бейнесі көзін көргендердің, шарапатына бөленгендердің мәңгілік жұдырықтай жүректерінің түкпірінде сақтаулы! Елі үшін егіліп, исламның хақ жолында беріліп қызмет еткен аяулы тұлғалардың бірегейі жайлы зерттеп білгенімізді баяндай отырсақ.
Аймұхаммед (Аймағанбет) Спанұлы – 1900 жылы қасиетті Торғай топырағында дүниеге келген.  Назар аудартатын жәйт-тің бірі, денсаулығына байланысты  Қос-танай облыстық әскери комиссариаты-ның әскерден босату туралы 2-ші дәре-желі нөмірі 134-ші куәлігінде туған жылы "1902" деп қате көрсетілген.  Руы – Үмбе-тей, оның ішінде Аралбайдан тарайды және соның ішінде Ахмет Байтұрсынов шыққан Таңбай әулетінен. Әкелері Спан – қызы Дыбысты, ұлдары Жақыпбек пен Аймұхаммедті арнайы молда ұстап оқы-тады. Көреген әке болашақтың білімде екенін сол кезде-ақ болжаған. Балаларын да ескіше болса да хат танып, қолына қалам алғанын көздеген. Жастайынан зерек болып өскен албырт жас, есейе келе қырандай қырағы екендігін де байқата бастайды. Айекеңнің ұлт ұстазы, Алаш айбыны Ахаңның етене туысы болып келетіндігін жоғарыда айтқан болатын-быз. Міне, осы себепті Кеңес үкіметі 1928-ші жылы ағайынды Жапқыпбек пен Аймұхаммедті "байдың тұқымы", "дін-дар",  "Алаш Орданың туысы" деп қуғын-сүргінге ұшыратады.  Амалы қалмаған Аймұхаммед Башқұртсан асып кетеді. Әйткенмен, дана қарттың ойынан кіндік қаны тамып, балалық шағы өткен ата-мекені бір сәтке де шыққан емес. "Ат айналып қазығын табады" дейді халық тағылымы. Айекең де "өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болғаным жақсы" деген оймен 1940 жылы Тобыл топырағына қайта оралып, осында, яғни, Қостанайда түбегейлі тұрақтайды. Осы жерде Исламды насихаттауда орасан зор еңбек етеді. Осылайша уақыт зырлап өз ағымымен өтіп жатты.  Дегенмен, талайды зар қақсатқан, ананы баласынан, жары-нан, баланы әкеден, бауырдан айырған 1941-1945 жылдардағы қанқұйлы Ұлы Отан соғысы бұл шаңырақты да аттап кетпеді. Бір құрсақтан шыққан қос бауырды да тағдыр өз арнасымен ала жө-нелген еді. Сөйтіп, Отан үшін қарбаласқан қиын тұста ағасы Жақыпбек Челябідегі еңбек армиясына алынса, Аймұхаммед 514-ші зауытта маңдай терін төкті.
Қинала жүріп қуанышқа толы Жеңіс күніне де жетеді. Елдің қуанышын бірге бөлісе жүріп, әрдайым жетім-жесірге, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруді ұмытқан емес. Қостанайда ғибадат-құл-шылық жасауға, бас иіп, маңдайын жерге тигізіп сәждеге жығылуға Алланың үйі мешіт ашсам деген ізгі арманы болды.  Қасиетті Құранда былай делінеді: "Алла-ның мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі". Осы "Тәубе" сүресінің 18-аятында келтірілген мысалдың бәрі де Аймұхаммед молданың бойынан табы-латын. Ақыры 1947 жылы төрт татар мол-дасымен бесінші болып И.В.Сталинге Ақмешітті сұрап хат жолдайды. Бірақ, ол өтініш діттеген жеріне жеткізілмеген еді. (Ол хатты кейін "Марал Ишан" мешітінің бас имамы марқұм  Ертай қажы іздеп таптырған). Тіпті болмаған соң Аймұхам-мед өзі бастама көтеріп, барша мұсылман бауырларын өз күштерімен мешіт тұр-ғызып алуға үгіт-насихат жүргізіп, бас-тарын біріктіреді. 5 сомнан қаржы жинап, мешіт салуға жетті-ау дегенде солақай саясат тағы да қармағын көлденең тастайды. Биліктегілер мешіт салуға тыйым салып, жиналған мол ақшаны ба-лалар үйіне аудартады. Кейін "Аймұхам-мед жиналған ақшаны өзінің үй салуына жұмсап жіберген екен…" деген сыңайдағы сыбыс та сылаң қақты. Бұған мойымаған Айекең ақыры өзінің ақтығын дәлелдеп, аяқтан шалғандардың аузына құм құйыл-ды. Мешіт ашсам деген арманы үнемі зая кетіп, жандайшап, әпербақандардың талқысына түсіп, амалы қалмаған Аймұ-хаммед молда өзінің шағын үйін мұсыл-мандар бас қосатын зиялы орынға айнал-дырған.  Осы тұста Кеңестік шенділерге әртүрлі ақпар келіп түсіп, шұғыл тексеріс жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл астыртын жұмыс Павел Даценкоға тапсырылады. Ол кісінің өзімен кездесіп, мән-жайды білгенімізде, былай деп ағынан жарылды: "Аймұхаммед Спанов жастарды ұлтараздыққа бастайтын ұйымға үгітітеп жүр деген мәлімет келіп түсті. Сәйкесін-ше, біз тексеру жүргіздік, бірақ ұлтқа қа-рама-қайшы келетін ешқандай әрекеттер-ді байқамадық, бар болғаны, ислам дінінің негізгі деген шарттарын ұстанатын адам боп шықты. Заңда қай дінді ұстанам десең де ерік берілген. Ол кісі де заңға қайшы еш қылық жасаған емес. Өзім Спановпен тексеріс шеңберінде көзбе-көз кездестім де. Оның жылы жүзді, мұқтаж жандарға көмектесуге деген ниеті мол адам екені алғашқы сәттен-ақ аңғарылып тұратын еді…", – дейді көреген қария.  
Аймұхаммед Спанұлы Қостанай қаласында, Нариман базары жанында, нақты-рақ айтсақ Жамбыл көшесі 22-ші үйде тұрған. "Жақсы адам алысты жақын етер" – деп Сүйінбай ақын тілге тиек еткендей, Аймұхаммед молданың да жақсылығы жүз томға арқау боларлықтай-ақ. Алыстан-жақыннан бұл кісіні әдейілеп іздеп келіп тілдесушілер де үзілмейтін. Қария да көпшіл еді. Үйіндегі келіні мен баласына да "…Қонақжай болыңдар. Тіпті берерің болмай қиналып жатсаң, келушіге тама-ғың болмаса да, қабағыңды бер…" деп ай-тып отырудан жалыққан емес. Білімділігі өз басына бір әңгіме. Құдайы жоқ заманда, бір Аллаға қызмет етті. Құдайдың есімін ауызға алмақ түгілі, бата беруге, бата бер-генде қол жаюға қорыққан аумалы-төк-пелі заманда ол кісі қайтыс болған адам-дардың жаназасын шығарды, діни рәсім-дерін жасады, дұға оқыды, құлшылық етті. Аймұхаммед Спанұлы сол дәуірдің даңқты дін қайраткерлері: Ферғанадан Мұхаммед Уәли Усмани,  Пермь мешітінен – Харисов Халим Набиахметұлы, Уфадан – Мансұр Хаджы, Троицк мешітінің имамы – Ах-мәд Әли саф Алиұлы, Нальчиктен, Махач-каладан хат алысып, хат берісіп поштамен Қостанай тұрғындары фидиясын, зекет-құрыштарын ақшалай салып жіберген. Тектілік емей немене?!  Ол жақтардан да жауап хаттар үсті-үстіне келіп, ырзашыл-дықтарын білдіріп отырған. Араб қарпі-мен өзбек және татар тілдерінде жазылған осындай хаттарды Қостанайдағы  "Марал Ишан" мешітінде Бақытжан қажы ұрпақ-тарынан жинастырып, аударып жүргендігі жайлы газеттен оқыдық.
Денсаулығы сыр бергенде Аймұхаммед молда өзінің орнына  басқа біреуді өкіл таңдап, нәпіл қажылығын  жасатқан, қа-жылықтың сауабын алған. Бедел қажы-лық (Хадж Бәдәл) жасамас бұрын арнайы Ташкентке хат жолдап, ақылдасқан. Кейін ол кісіге келген хаттардың бірінде Аймұ-хаммед молдаға "қажы" деп басталған жол-дамалар да бар. Бұның өзі ол кісінің амана-тының орындалғанының бір дәлелі іспетті…
Аймұхаммед Спанұлы 1984 жылы дү-ниеден озды. Ол кісі Қостанай қаласынан 11 шақырым жерде орналасқан Қонайдағы зиратқа қойылды. Жатқан жері жәйлі, топырағы торқа болғай! Атаның жалғыз ұлы Боранбайдан тараған ұрпақ бүгінде сол қара шаңырақтың түтінін түтетуде.  "Алтынның сынығы да асыл" дейді қазақ-та. Ұрпақтары да баба жолынан тайған емес. Жүздерінен иман төгілген жандар. Ата қасиеті бойларына қанмен, жанмен тараған.
"Қойдың қарғысын қасқыр естімесе де, Құдай естиді" дейді қазақта. Баба қалауын кезіндегі озбыр саясат тұмшалағанымен, тәуелсіздігімізді еншілегелі бүгінде ата арманы орындалды. Еліміздің түкпір-түкпірінде Алланың үйі, мешіттер тұрғызылып, барша мұсылман қауымның ырзашылдығын алды. Қостанай қаласының өзінде-ақ бүгінде қос мешіт көпшілік үшін қызмет етсе, тағы біреуі тұрғызылуда. Баба арманы орындалды деген, міне, осы болса керек…
 Ғалихан Мәулетов,
  заңгер-қаламгер.
Қостанай қаласы.
 
Айекең ел есінде
Аймағанбет нағашы көпшіл еді, үнемі көптің ортасында кеңес құрып отыратын-ды. Үйі қонақтан арылмайтын және менің бір байқағаным, Айекең үнемі өзі баппен әңгіме сабақ-тап отыратын. Рас, қасында-ғыларға да сұрақ қойып, олар-дың пікірлерін де тыңдай біле-тін.
Ұзақ-сонар кеңестің ара-сында бес уақыт намазға көп үзіліс жасалынатын.
Намаздан соң шайға отыр-ғанда қайтадан бір тың тақы-рып басталатын. Кейде бірың-ғай шариғатқа жүгініп, қолын-дағы бір кішкентай құран кітап-тан араб тіліндегі аяттарды ұзақ естіртіп оқитын.
Ол кісінің дауысы құлаққа жағымды, сыңғырлап шыға-тын, қимылы шапшаң бола-тын.
Бұл анамның ағаларының інілері Аймағамбеттің баласы Боранбайға, Қамзаның бала-сы Әнуарға, Жақыпбектің ба-ласы Қазымбекке айтқан ақыл-кеңестері бір төбе еді. Інілері де апаларын қатты сыйлап қадірлейтін.
Таяуда Қазымбек нағашым-ның: "Мен кейде, Асқардікіне барғым келеді, – дегенін естіп Апасын аңсағаны ғой! – деп іштей қатты толқып кеттім.
Айекең десе, Тобыл-Торғай өңірінде аса құрмет көрсетіп, айрықша ілтипатпен қарсы алатын ел-жұрт болды. Қазір ұрпақ алмасып, кешегі көз көргендер дүниеден озды, тым аз қалды. Әйтпесе, осы бір имандылық жолында жарғақ құлағы жастыққа тимеген ақ адал, ардаемген Аймағанбет Спановтың ел адамдарына еткен қызметін бағалап, есімін ұлықтайтын-ақ тұлға.
Асқар Жарылғасын.
Науырзым ауданы.
 
 
Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы
(1388-1478)
Қырық бір ырыс
1. Жаратылым – жан ырысы
2. Тіршілік – хан иесі
3. Хан – тақ иесі
4. Тақ – әділдік ырысы
5. Әділдік – нақ ырысы
6. Байлық – сән ырысы
7. Сән – сәулет ырысы
8. Сәулет – дәулет ырысы
9 . Сыйласым – татулық ырысы
10.  Тұлпар – батыр ырысы
11. Ынтымақ –  бірлік ырысы
12. Қайтпас ер – найза ырысы
13. Ерлік білегі – елдің ырысы
14. Су молдығы – көлдің ырысы
15. Еңбек – дән ырысы
16. Жарасым –
                     береке-бірлік ырысы
17. Өнер – білім ырысы
18. Білім – өнер ырысы
19. Қос босаға – түтін ырысы
20. Әділ би – бүтін ырысы
21. Шілдехана – төр ырысы
22. Кебін – көр ырысы
23. Жаңбыр – жер ырысы
24. Ірге – ай ырысы
25. Жақсы сөз – жан ырысы
26. Шежіре бәйіт – сөз ырысы
27. Ақыл – көздің ырысы
28. Инабат – ізеттілік ырысы
29. Жақсы садақ – жасақ ырысы
30. Қалқан – арашашы ырысы
31. Шөп – мал ырысы
32. От – ел ырысы
33. Су – мал-жан ырысы
34. Ажал – жан алу ырысы
35. Жас – бақыт ырысы
36. Қан – құт ырысы
37. Сыйластық – сенімнің ырысы
38. Шыдамдылық –
                               төзімнің ырысы
39. Тайсалмау –
                             талаптың ырысы
40. Науқас – сырқаттың ырысы
41. Шипагерлік емдеу –
                             айығудың ырысы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓