Сыйлықтың өтемі – айыппұл
Енді 2 АЕК-ге дейін сыйлық алғаны үшін шенеуніктер құны 1,8 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов брифингте мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың нақты құрамы туралы егжей-тегжейлі айта келе, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі туралы баяндады. Атап айтқанда, өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлық немесе көрсеті-летін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына жеңілдіктер беру үшін әрекет етсе, мұндай әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса жауапкершілікке тартылады.
"Бұл жағдайда жоғарыда атал-ған лауазымды тұлғаларға 600 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін", – деді О.Бектенов.
Ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің жоқтығын түсіндіре отырып: "Егер алынған заңсыз сыйақы немесе сыйлық сомасы 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол бүгінгі күні 5 834 теңгені құрайды, алдын ала уағдаластық болмаса немесе сыйақыны қорқытып алмаса, онда мұндай құқық бұзушылық қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды, тек әкімшілік тәртіппен жазаланады", – деп атап өтті ол.