2 жасар баланың өліміне себепкер

Қостанай гарнизонының әскери сотына ҚК-нің 345 бабында көзделген қылмыс жасаған үшін айыпталып, сотқа берілген 6697 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі аға сержант Д.М. Дьяченкоға қатысты қылмыстық іс түсіп қаралған.
6697 әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі аға сержант Д.М. Дьяченко 2016 жылғы 5 тамызда Қостанай қаласындағы Герцен көшесіндегі 62-үйдің ауласының ішінде «Hyundai Elantra» автокөлігімен 2014 жылғы 28 желтоқсанда туған жүргінші жас бала Ә.Асаубайды қағып кеткен еді. Балғын жабық бассүйек-ми жарақатын алды. Осы алған дене жарақаттары мен жарақаттық шоктың кесірінен бала қалалық ауруханада көз жұмды. Жүргізуші сол кезде сау болған.
Алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан кезде Дьяченко қылмысты жасағанын мойындады.
Әскери соттың 2016 жылғы 6 қазандағы ұйғаруымен Дъяченко осы қылмысты жасаған деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және сол мерзімге дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды.
 
Ж.Бораш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓