5 адам індетке шалдықты

23 мамырдағы жағдай бойынша, Қостанай қаласында СOVID-19 індетін жұқтырған 5 адам тіркелді.корнаДенисов ауданында коронавирус инфекциясы 1994 жылғы әйелден анықталды. Ол бұрын инфекция жұқтырған пациентпен жақын қатынаста болған. 
Жітіқара қаласында пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған 1965 жылғы әйелдің де СOVID-19-ға шалдыққаны расталды.
Рудный қаласында Ресей Федерациясынан келген 1982 және 1988 жылғы екі ер кісі ауруханаға жатқызылды. ПТР анализі олардың СOVID-19 жұқтырғанын көрсетті. 
Осы күні коронавирус инфекциясы диагнозы Тараз қаласынан келген, қарулы күштер қатарынан демобилизацияланған 22 жастағы Рудный қаласының тұрғынынан да табылды.
Барлық науқас инфекциялық стационарларға жатқызылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде. Қатынаста болған адамдар ортасы анықталуда. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
2020 жылдың 23 мамырындағы жағдай бойынша, облыста СOVID-19 инфекциясымен ауырған 120 адам тіркелген, сауығып шыққандар – 56 адам.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓