Бір күнгі жалақыларын аударды

Газетіміздің сәрсенбі күнгі санында  Жеңістің 70 жылдығына арналған шараларды өткізуге және мерекеге әзірлену үшін  облыстық ардагерлер кеңесі бастама көтеріп, арнайы есеп-шот ашқанын хабарлағанбыз.  Онда көмекке мұқтаж ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне жәрдем беру туралы да айтылған. Игі бастамаға ең бірінші аймақ басшысы  Н.Садуақасов бастаған облыс әкімінің аппараты үн қосты.
Кешегі отты жылдары етігімен қан кешкен қарт жауынгерлердің қатары жыл озған сайын сиреп барады.  Бүгінде арамызда жүрген  соғыс ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Облыстық "Қостанай таңы" газетінің ұжымы да өздерінің бір күнгі жалақыларын облыстық ардагерлер кеңесінің арнайы есеп-шотына аударды.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓