Бірінші кезекте егілуге міндетті
Қостанай облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған қосымша шаралар қабылдау туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Е.Дәулетбаев қаулы қабылдады. Назарларыңызға қаулы мәтінін толық ұсынамыз:
Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары мынадай адамдар КВИ – ға қарсы вакцинациялануы етілуі тиіс:
-
КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын Контингент:
-
инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің медициналық персоналы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;
-
ұлттық халық санағын өткізетін педагогтер, интервьюерлер;
-
учаскелік полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, сот органдарының қызметкерлері;
-
медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және балаларға арналған жабық мекемелердің персоналы;
-
Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып саналатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
-
ҚАЖ мекемелерінің персоналы;
-
әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының персоналы;
-
студенттер;
-
созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі);
-
65 жастан асқан тұлғалар;
-
өндірістік кәсіпорындардың, фабрикалардың, акционерлік қоғамдардың, бизнес құрылымдарының және т. б. қызметкерлері;
-
консалтингтік компаниялардың, бірлестіктердің, кеңсе ұйымдарының, банк және қаржы құрылымдарының және т. б. қызметкерлері;
-
ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
-
басқа тұлғалар (тізбеге енбеген).