Қостанайлықтар велошеруге қатысты
Денсаулық күніне орай облыс орталығының әр жерінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың қатарында көптің көңілінен шыққаны велошеру болды. Қостанайлықтар қала орталығында бас қосып, кәсіби және әуесқой велошабандоздар бұл жолы бәсекеге түспей, қала көшелерімен серуендеді.
«Біз салауатты өмір салты үшін» деген атпен денсаулық күнін атап өткен Қостанай жұртшылығы спорттың шынайы жанкүйерлері екендіктерін дәлелдеді. Шайтанарба тізгінін ұстағандар салауатты өмір салтын насихаттады. Шара аясында жастар жақынырақ танысып, өнерлерін, шеберліктерін ортаға салды. Спорттық көліктерімен түрлі айла-тәсілдер жасап, көптің көзайымы болды.

Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор