Брондаудың төрт тәсілі

Қостанай облысының тұрғындарында ХҚКО-на кезекке тұрудың 4 тәсілі бар. Олар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірлік филиалы мамандары айтып берді. Қазіргі уақытта облыста алдын ала брондау мәселесі бойынша алты ХҚКО жұмыс істейді.
12 сәуірде Қостанай облысы «сары» аймаққа енді. Осыған байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қайта күшейте түсті. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін Қостанай облысының барлық ХҚКО-да маскалық режим және әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады. Бұдан басқа, алты ХҚКО азаматтарды міндетті түрде брондалған жағдайда ғана қабылдауға кірісті. Бұл Қостанайдағы төрт ХҚКО (1,2, 3 бөлімдер, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО) және Рудный, Тобыл қалаларындағы бөлімдер.
"Кезекті брондаудың 4 тәсілі бар, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева. – Біріншісі – egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы. Мұнда «ХҚКО-на кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтырып, ХҚКО-ның мекенжайы мен қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсету қажет. Осылайша, 1414 байланыс орталығының операторының көмегін пайдалануға болады. Жүгінген кезде дауыс жазу мәзірінен «Кезекті брондауды» таңдап, оператор арқылы кезекке тіркелу қажет".
Брондаудың тағы екі әдісін ұялы телефонмен жүзеге асыруға болады. Яғни Telegram мессенджеріндегі eGovKzBot2.0 ботын тұтына аласыз. Бас мәзірден «ХҚКО-на кезекті брондау» сервисіне жүгініп, ЖСН енгізу керек, одан соң ХҚКО орналасқан елді мекенді, қажетті қызметті, бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚКО-ның өзін таңдау қажет.
Брондауға egov mobile қосымшасы арқылы да қол жеткізуге де болады. Ол үшін қосымшаны жүктеу, авторлану және «ХҚКО-на кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру керек, бұдан соң ХҚКО, қызмет түрін, баратын күні мен уақытын таңдау қажет.
Сондай-ақ, мамандар  тұрғындарға тапсырыс уақытынан 5-10 минут бұрын келу керек екенін ескертеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓