Екпе қабылдады

Коронавирусқа қарсы екпені облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де ала бастады. Естеріңізге сала кетейік, вакцинация егілушінің келісімімен ерікті түрде жүргізіледі.
Департамент бастығы Б.Кәрімов және оның орынбасарлары бастаған оннан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Вакцинациядан бұрын еріктілер медициналық тексеруден өтеді. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, олар процедураға жіберіледі. Алғашқы 30 минутта қызметкерлер дәрігердің бақылауында болады. Кейін 3 күн аралығында олар тіркелген жердегі учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Сонымен қатар, әрбір екпе қабылдаған адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлері және осындай әсерлер пайда болған жағдайда олар жүгіне алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі. Қазіргі уақытта жанама әсерлерге қатысты шағымдар түскен жоқ дейді дәрігерлер.
Департамент қызметкерлері осал топқа кіретін контингент, өйткені апаттық-құтқару немесе профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында өзінің күнделікті қызметінде халықпен үнемі байланыста болады. Қауіпті азайту үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларға вакцинация қажет.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓